Қырғызстан МҰҚК басшысы: "Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды"

13 тамыз, 11:54

Бұл туралы Орозбек Опумбаев ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қырғыз МҰҚК басшысының айтуынша, ІІМ мен ҰҚК-ның экс-қызметкерлері экс-президентті ақпаратпен қамтамасыз етіп отырған: "ол үй аумағында қарттар мен балаларды ұстап, оларға ақша төлеген... Қақтығыс болады деп күтті. Оған қан қажет болды. Мемлекеттік төңкеріс жасау үшін қан қажет болды — сонда ол билікті айыптайтын еді. Мен оның осындай ойы болғанын ресми түрде мәлімдеймін", - деді Орозбек Опумбаев.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже