Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

18 желтоқсан, 12:19

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қалетаев ҚР Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Мәулен Әшімбаев ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалуына байланысты ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды. Ал Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысының көмекшісі болып тағайындалды.
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, ал Мәдина Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің төрайымы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Дулат Темірғалиұлы Қадырбеков "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже