Мәжіліс төрағасы Twitter-де өз парақшасын ашты

19 тамыз, 13:30

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Twitter-де @NigmatulinKZ жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Н.Нығматулин өзінің Twitter-дегі оқырмандарына жолдаған бейнежазбасында желінің қол жетімді, заманауи байланыс құралы екенін айтты.

«Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын»,-деді Мәжіліс спикері.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже