​Сүйіктісімен кездесу үшін түзету колониясынан қашып кеткен

27 мамыр, 18:00

Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесіне қарасты ИЧ 167/10 түзету мекемесіндегі 36 жастағы жазасын өтеушінің колониядан бой тасалағаны белгілі болды. Оқиға 22 мамыр кешкі сағат 8 жарым шамасында орын алған.

Қауіпсіздігі төмен мекемеде ұрлық және өзге қылмыстық баптармен 6 жылға сотталған азамат белгісіз бағытқа рұқсатсыз мекемеден шығып кеткен. Осы дерек бойынша, дереу мекеменің жедел тобы құрылып, іздестіру шаралары жүрген. Оған Ұлттық ұлан жасағы мен полиция департаментінің қызметкерлері де жұмылдырылған. Шұғыл топ жазасын өтеушіні 1,5 күн дегенде "Тоғыс" елдімекені аумағынан тауып, түзету мекемесіне кері қайтарыпты. Қазіргі кезде айласы аспай қалған қылмыскер сондағы тәртіптік изоляторда жатыр.

Еlitar.kz тілшісіне хабарлаған сенімді дереккөз сотталған азамат түзету колониясынан осымен екінші рет қашып кеткенін жеткізді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже