Елбасы Шымкентте Nur Otan туының жұлынуына қатысты пікір білдірді

21 тамыз, 14:00

Арыс тұрғындарының шеруінде Nur Otan партиясының туын Шымкент тұрғыны Ниязбек Ерлан жұлып тастамақ болған.

"Шымкентте партияның туын жұлып тастады. Бұл оқиға орталық кеңсенің алдында болды. Біреуі де ләм-мим деген жоқ. Партия қайда қарады? Артынан бәрін орнына келтіруге тура келді. Міне, бәрі осындайда байқалады. Партия, "Nur Otan" дейміз. Бірақ тып-тыныш отырамыз. Бір нәрседен қорқамыз ба?", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Шараға партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Асқар Мамин, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент депутаттары мен саяси бюро мүшелері қатысуда.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже