Шымкенттегі “Бақыт бургер” дәмханасы отқа оранды

17 қыркүйек, 22:58

Шымкенттегі дәмханалардың бірі отқа оранды. Бүгін кешкі сағат 19:38-де Әл-Фараби ауданы Республика даңғылындағы "Бақыт бургер" жедел дайындау орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің жалпы аумағы 180 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 30 адам және 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, электр қуаты ажыратылды.Өрт көп қабатты үйдің тұрғындарына тікелей қауіп төндірді, өйткені бургер тұрғын үйге жапсарласа соғылған. Адамдарды эвакуациялау шұғыл түрде жүргізілді, AСA-20 арнайы техникасының көмегімен өрт сөндірушілер қараңғылықтан өту қиын болған үй тұрғындарын жарықпен қамтамасыз етті.

5f6395e9bfda1.mov

Төтеншеліктер 10 адамды эвакуациялады, қалған тұрғындар өздігінен шықты.Өрт 19:57-де оқшауланып, 20:24-те толығымен сөндірілді.Көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды. Келтірілген материалдық шығынның көлемі мен өрттің себептері анықталуда.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже