Алсу қызы қатысқан байқауда дауыстарды сатып алғанын мойындады

19 ақпан, 18:17

Алсу "Голос Дети" байқауында қатысушыларға берілген дауыс санын сатып алғанын мойындады. Ол бұл туралы Ксения Собчакқа берген сұхбатында айтты.

"Иә, мен қызыма берілген дауыстарды сатып алғанымды мойындаймын. Бірақ "Бірінші арна" ережелерімен құпталған және рұқсат етілген млшерде ғана сатып алдым. Сонымен қатар, бұл байқаудың барлық маусым қатысушылары өз дауыстарын сатып алды. Өйткені, дауысты СМС арқылы берер кезде сіз ақша төлейсіз",-деді Алсу..

Еске салсақ, былтыр Ресейде өткен "Голос Дети" байқауына әнші Алсудың қызы да қатысқан болатын. Дауыс беру саны бойынша әншінің қызы жеңіске жетті. Бұл көптеген көрерменнің наразылығын тудырды. Айтуларынша, жеңімпаз болуға қазақстандық жас әнші Ержан Максим лайық.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже