Андрея Бочелли Димашқа бата берді

16 мамыр, 09:00

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы өз парақшасында итальяндық әнші, әлемдік музыка майталманы Андреа Бочеллимен кездескенін айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

Бұған дейін Димаш әлемдік музыка аңызымен дуэті айтатынын жанкүйерлеріне хабарлаған болатын. Бірақ оның кім екенін нақтыламады.

Андреа Бочелли кездесу барысында Димашқа ақ батасын беріп, шығармашылығын қолдайтынын айтқан.

Атақты әнші Димаштың даусына таң қалғанын айтып, зор баға берген.

Андреа Бочелли - атақты итальяндық әнші. Классикалық және заманауи музыка орындаушысы, бүгінде ең үздік тенор болып саналады. Бала кезінен көру қабілетінен айрылған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже