Қазақ примадоннасы Ресейдің ұлттық премиясына ие болды

10 желтоқсан, 08:52

​Қазақстандық әнші Роза Рымбаева Ресейдің "Ұлттық ұлылық" премиясының лауреаты атанды, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Бұл қуанышты хабармен өнер иесінің өзі ІNSTAGRAM парақшасында бөлісті.

"Марапаттау рәсімі Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайында өтті" деп жазған қазақ эстрадасының примадоннасы марапатын қолына алып түскен фотосын да желіге жүктеді. Ерекше дауыс иесінің бұл қуанышты жаңалығы оқырмандарын қуантып қойды. Олар әншіге ұзақ ғұмыр мен шығармашылық табыс тілеп, алғыстарын қарша жаудырды.
Айта кетерлігі, бұл ұлттық сыйлық мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген әлем жұлдыздарына беріледі. Қазақ әншісі Роза Рымбаеваға ұлттық сыйлықтың "Ар-намыс пен абырой" номинациясы табыс етілді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже