Қазақстандық Лейла Құлжанова "Әлем ханымы" атанды

08 мамыр, 17:30

1-8 мамыр аралығында Анталияда халықаралық сұлулық байқауы өтті. Онда отандасымыз жүлдегер атанды, деп хабарлайды Elitar.kz.

37 жастағы Лейла Құлжанова Анталиядағы Universe Beauty 2019 сұлулық байқауында "Әлем ханымы" атағын жеңіп алды.Сайысқа әлемнің 20-дан астам елінен келген үміткерлер қатысты.

Сайыстың өзі француз модельері Пьер Карденнің қамқорлығымен өтеді.
Байқаудың бірінші кезеңінде әр елден келген қатысушылар ұлттық костюмдерді көрсетті, әрі қарай қыздар спорттық костюмдерде дефиле көрсетіп, шығармашылық нөмірлерін таныстырды.

Айта кету керек, сайыстың қорытынды кезеңінде қатысушылар кешкі киімде өнер көрсетті.

Лейла Құлжанова "Халық-Life "Өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық банкінің еншілес компаниясы" АҚ директоры, сондай-ақ Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болып табылады.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже