Бағалы әшекейлерін жоғалтқан Мақпал Жүнісова әнші қыздардан көріп отыр

08 қаңтар, 14:33

Қымбат сырғасы мен сақинасы қолды болған Халық әртісі өзінің әшекей бұйымдарын кімнің ұрлауы мүмкін екенін жасырмады. Бұл туралы өнер иесі өзінің желі парақшасында жария етті, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Барлық жамандық осы сырға мен сақинаны ұрлаған адаммен бірге кетсін, Астанада өткен "Ән менен Әнші" концертінен кейін көзден ғайып болды, жалпы ұрлық түбі қорлық екенін ұмытпаған абзал, әнші қыздардың бірі немесе сол қыздардың жанында бояндырып,киіндіріп жүргендерден деп жорамалдадым. Өйткені киінетін жерге бәрі кіріп алып еді" деп жазды Мақпал Жүнісова.

Талант иесі қымбат әшекейлерінің қолды болғанын қонаққа барғанда бір-ақ білген болып шықты.

"Одан кейін Қарақаттың үйіне дәмге шақырды, ол жерде мен кішірек сырғамен болдым, өте ыңғайсыз екен, бұдан кедей боп қалмаспын, дегенмен өте сақ болатын болдық" деп қосты ол.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже