"Billboard Music Awards - 2019" жылдың үздік әншілерін марапаттады

03 мамыр, 14:00

1 мамыр күні Лас-Вегаста Billboard музыкалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Дәстүр бойынша Grand Garden Arenaға танымал музыканттар мен актерлер жиналды. Жеңіске үміткерлер мен олардың достары да осы кешке қатысушыларға қолдау көрсетуге келді. Тейлор Свифт, Карли Би, Оливия Уайлд, Приянка Чопра, Ева Лонгория, Louis Vuittonның әдемі комбинезонын киген "Тақ ойындары" жұлдызы Софи Тернер секілді жұлдыздар қызыл кілеммен жүріп өтті.

Жобаның басты жүлдесі - «Үздік әртіс» номинациясы бойынша канадалық рэпер және продюсер Drake (Обри Дрейк Грэм) топ жарды. Сонымен қатар Drake «Үздік әнші», «Үздік рэп-орындаушы», «Үздік радио әртісі», «Billboard 200 үздік әртісі», «Hot 100 үздік әртісі» және «Streaming Songs үздік әртісі» атанды.

«Ең үздік жас әнші» аталымында рэпер Juice WRLD (Жаред Хиггинс) жеңіске жетті.

«Үздік рок-орындаушы» номинациясы бойынша марапатқа американдық «Imagine Dragons» тобы ие болды.

Ал Мэрайя Кэри "Икона" сыйлығына ие болды.


«Billboard Music Awards» сыйлығы «Billboard» америкалық журналының нұсқасы бойынша жыл үздіктеріне берілетін марапат болып табылады.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже