Брэд Питт пен Анджелина Джоли ресми түрде ажырасты

15 сәуір, 11:50

Анджелина Джоли мен Брэд Питт енді ерлі зайыптылар емес. Актерлердің некесі ресми түрде бұзылды. Енді олар балаларға қамқорлық және мүлікті бөлу мәселелерін шешуі қажет.

Анджелина Джоли мен Брэд Питт сотқа "басы бос" мәртебесін қалпына келтіру туралы арыз бергеннен кейін сот осындай шешім қабылдап, арызды қанағаттандырды.

Енді бұрынғы жұбайларға ажырасу туралы қағазға қол қою ғана қалды, деп жазады The Blast интернет басылымы. Сондай-ақ Джоли мен Питт қамқорлық және мүлікті бөлу мәселелерін реттеуі керек. Судья олардың істерін қарауды 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартады.

Сонымен қатар, кино жұлдыздары ата-ана ретінде өз қарым-қатынастарымен жұмыс істеу үшін сот тағайындаған психологпен кездесіп тұрады. Естеріңізге сала кетейік, Джоли мен Питттің алты баласы бар.

Анджелина мен Брэд 2005 жылдан бері бірге. Актерлер "Мистер және миссис Смит" фильмінің түсірілімдерінде ойнаған.

2006 жылы олардың қызы Шайло дүниеге келді, ал 2014 жылы олар Францияда үйленді.

Олардың некесі небәрі екі жылға созылды. 2016-да Джоли ажырасуға арыз берді.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже