Димаш Құдайберген кезекті клипін Испанияда түсіретін болды

11 ақпан, 13:00

Ерекше талантымен әлем назарын өзіне аударта білген қазақ әншісі Димаш Құдайберген Испания еліне аттанды, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесінің өзі INSTAGRAM парақшасында жария етті.

«Қалжыраған аққулардың сезімі» әніне клип түсіру үшін Испанияға ұшып барамын», - деп жазды әнші өз парақшасында.

Еске сала кетсек, жуырда ғана Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Димаш Құдайберген клип түсіргелі отырған ән туралы пікірін білдірген еді. Яғни, «Любовь уставших лебедей» (Қалжыраған аққуларыдң сезімі) әнінің авторы, ресейлік Игорь Крутой туралы атап өтті.

«Әрине, әнші үшін жақсы композиторлармен жұмыс жасау өте маңызды болып табылады. Осы орайда, менің мансабымда, шығармашылық өмірімде жақсы композиторлар кездесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі уақытта біз Игорь Крутоймен жақсы музыкалық тандем болып жүрміз. Ол кісінің кәсіби тұрғыдағы біліктілігі, музыкадағы білімі туралы ұзақ әңгіме айтуға болады... Қазіргі таңда Крутойдың шығарған бірнеше туындылары менің репертуарыма еніп отыр», - деді әнші.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже