Димаш жауынның астында ән салды

29 сәуір, 10:00

Димаш Құдайберген Қытайдағы Ченду қаласында қолшатырдан бас тартып, жауынның астында ән салған.

"Мен бір нәрсе айтқым келеді. Мен сіздерді сағындым, dears. Бүгін ауа-райы онша емес, бірақ мен сіздерге сонша уақыт күткендеріңіз үшін разымын. Келгендеріңізге рахмет. Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Менің ойымша, көптеген жұлдыздар сіз сияқты жанкүйерлерді армандайды. Мен бақыттымын. Жылағым келіп тұр. Әзіл ғой, мен ер адаммын, жылаймын", - деді Димаш Чэндудегі Mount Emi Music Festival музыкалық фестивалі кезінде (Эмейшань тауындағы музыкалық фестиваль).

Фестивальда Димаш The Crown (Корона), Screaming (Крик), Give me love (Дай мне любовь), Battles of Memories (Битва естеліктер), Restart My Love (Махаббатты жүктеу) және Unforgettable Day (Ұмытылмас күн) композицияларын шырқады.

Димашты жанкүйерлері жауын астында он сағат күткен.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже