"Әуежайдағы жанжал": "Дос Мұқасан" әншісіне айыппұл салынды

27 мамыр, 12:00

"Дос Мұқасан" тобының солисті Мұрат Құсайыновқа елордалық әуежайдағы жанжал оқиғасынан кейін айыппұл салынды, ол енді 12 625 теңге төлеуі тиіс.

14 сәуірде Халықаралық әуежайдың желілік полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне "Эйр Астана" әуекомпаниясының қызметкері жүгінген. Оның айтуынша, Мұрат Құсайынов тексеру кезінде кедендік тексеру қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан.

Сот отырысында Құсайынов жасалған құқық бұзушылықты жоққа шығармады. Кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген.

Сот Мұрат Құсайыновты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 - бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танып, 5 АЕК-12 625 теңге көлемінде айыппұл салу жазасын тағайындады.

Естеріңізге салайық, әуежайда жүргізілетін тексеру жұмыстарына қарсылық танытқан әнші қызметкерге қол жұмсаған.

Әуе компаниясы да болған оқиғаны растады.
Әртістің айтуынша, жанжал аяқ киім мен шұлықты шешуді сұрағананнан кейін болған. Ол бұл талапқа наразылық танытып, шешпейтінін мәлімдеген.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже