«Голос.Дети» сайысының қорытындысы қайта тексерілді

27 сәуір, 10:59

Алсудың қызы «Голос.Дети» сайысында жеңіске жеткеннен кейін дауыс нәтижелерін тексеру басталды, деп хабарлайды газета.ru-ға сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Белгілі болғандай, шоудың қорытындысы өткеннен соң, сенбіге қараған түні дауыс саны қайта тексерілген.

Бағдарламаның финалы жұма күні кешке Бірінші арнаның эфирінде көрсетілді.
Эфир соңында Ресей эстрадасының жұлдызы Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңімпаз атанды.
Тексеру неге қажет болғаны әзірге белгісіз. Бірінші арна бұған қатысты түсінік бермеген.

Ақтық сын аяқталған соң желіде Максим Галкиннің шоу әділетсіз аяқталды дегенге саятын видеосы пайда болды. Видеода ол жеңіске жерлесіміз Ержан Максим лайық еді деп өкініш білдірді.

«Голос.Дети» жобасының Youtube желісіндегі ресми арнасында наразылық пікірлер көп, дизлайк саны да артқан.

Көрермендердің пікірінше жеңіске Ержан Максим лайық болған.

«Бірінші арна әділетсіз шоу жасады», «Енді бұл шоуды көрмеймін», «Бұл балалар ғой, неге ұялмадыңыздар», «Микелла жеңіске лайық емес», «Дауыс саны тексерілсін» деген сынды пікірлер көптеп жазылған.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже