Интерполдың серіктесі «Голос.Дети» жобасының қорытындысын тексермек

30 сәуір, 11:29

Ресейдегі «Голос.Дети» жобасының қорытындысына байланысты шу әлі басылмай тұр. Газета.Ru-дың мәліметінше енді жобаның қорытындысын интерполдың серіктесі Group-IB компаниясы тексеретін болады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст сайыстағы дауыс беру жүйесін қайта қарауға уәде етті.

Жобада жеңіске жеткен 11 жастағы Микелла Абрамованың ата-анасын желі қолданушылары барынша айыптауда. Олар жеңісті сатып алуы мүмкін деп күдіктенеді.

Бірінші арна кибершабуылдардың алдын алуға және күрделі сандық тексерулерді жүргізуге маманданған Group-IB компаниясын балалар шоуындағы дауыс беру нәтижелерін тексеру үшін шақырғаны белгілі болды.

Айтпақшы, бұл компания Интерполдың ресми серіктесі болып табылады. Осыған қарап-ақ балалар шоуы шын мәнінде «ересектер» шоуына айналғанын байқауға болады, өйткені мұнда детективтің элементтері бар.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдегі «Голос.Дети» жобасында танымал эстрада жұлдызы Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Бірақ қалың көрермен жобаны әділетсіз өтті деп есептейді. Бірқатар ресейлік шоу-бизнес өкілдері де осы пікірде.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже