Израильде "Евровидение-2019" байқауы басталды

13 мамыр, 13:00

Израильде ресми түрде "Евровидение-2019" ән байқауы басталды, деп хабарлайды Elitar.kz.

41 ұлттық делегация ел астанасының орталығындағы Габима театрының алаңында орналасқан "қызғылт сары кілеммен" жүріп өтті.

Израильдік kan телекорпорациясы Twitter-дегі аккаунтында іс-шарада түсірілген фотосуреттерді жариялады. Онда ресейлік әнші Сергей Лазарев, сондай-ақ әнші Филипп Киркоров бар.

"Ол жанкүйерлердің фавориті. Сергей Лазарев "қызғылт сары кілемде", - делінген хабарламада.

Конкурс Тель-Авивте 14-18 мамыр аралығында өтеді. Лазарев әнші Филипп Киркоров және грек композиторы Димитрис Контопулос жазған Scream әнімен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан атынан бұл сайысқа бір де бір әнші қатысқан жоқ.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже