Ким Кардашьян – болашақ адвокат

12 сәуір, 16:31

38 жастағы 3 баланың анасы Ким Кардашьян (Kim Kardashian) жақында Vogue басылымына берген сұхбатында заңгерлік мансабы туралы шындап ойланғанын айтты.

Кимберли Кардашьян америкалық реалити-шоудың жұлдызы, актриса, фотомодель. Рэп орындаушы Канье Уэсттің жұбайы (Kanye West) өткен жылдың жазында Сан-Франциско қаласындағы Заң мектебіне оқуға түскен. Жұлыздың айтуынша, ол өткен жылы Ақүйге шақырылғаннан кейін адвокат болу туралы шешім қабылдады.

"Ақ үй мені тұтқындарға кешірім жасау жүйесін қалай өзгертуге болатынын талқылауға шақырды. Есімде, мен Рузвельт кабинетінде өмір бойы мыңдаған қылмыскерлерге және басқа да ықпалды адамдарға үкім шығарған судьямен бірге Ақ үйде отырдым. Осы кезде мен сот жүйесі туралы көбірек білу керектігін түсіндім. Егер мен көп білсем, көп нәрсе жасай аламын. Мен адамдардың құқықтары үшін күресіп, жүйені өзгерткім келеді", - деді Кардашьян.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ким АҚШ президенті Дональд Трамптан (Donald Trump) наркокартельге жұмыс істегені үшін өмір бойына сотталған Элис Мэри Джонсон (Alice Marie Johnson) үшін кешірім беруін сұрады.

Қазір Ким бірінші оқу курсынан өтуде,алайда жұлдыз оқу орнында ғана емес, екі адвокаттың басшылығымен аптасына 18 сағаттан жеке айналысады.

"Бірінші курста студенттер үш пәнді оқиды: қылмыстық құқық, деликт және келісім – шарттар, - дейді Ким. - Азаматтық құқық мен үшін қиын, келісім –шарт болса ішімді пыстырады, ал қылмыстық құқықты мен екі ретте-ақ жаттай аламын. Бұл пән бойынша бірінші тесттен жүз балл алдым".

Сондай-ақ, Ким сот ісіне қызығушылық балалық шақта пайда болғанын айтады. Оның марқұм әкесі Роберт Кардашьян (Robert Kardashian) Америкада танымал адвокат болған.


"Менің әкемде заң тақырыбы бойынша көптеген кітаптар бар үлкен кітапхана болды. Демалыс күндері мен осы кітапханада кітап оқитынмын. Маған шынымен қызықты болды", - деді Кардашьян.


Ким төрт жыл білім алып, 2022 жылы мемлекеттік емтихан тапсырып, заңгердің лицензиясын алуды жоспарлап отыр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже