Лев Лещенко коронавирус жұқтырды

27 наурыз, 15:46

Ресейлік танымал әртіс Лев Лещенко коронавирус індетін жұқтырды. Өнер иесінің қазіргі жағдайы туралы емдеуші дәрігер хабарлады.

Бұл туралы жұқпалы аурулар клиникасының бас дәрігері Денис Проценко Facebook парақшасында жазды. Лев Лещенко ауруханаға пневмония диагнозымен келіп түскен. Тексеруден кейін дәрігерлер әртісте коронавируспен байланысы бар пневмония дерті бар екенін анықтады. Сынама алынып, COVID-19 індеті расталды.

Алғашқы тәулікте өнер иесінің жағдайы күрт нашарлаған. Ентігуі артып, демалуы қиындаған. Салдарынан науқас реанимацияға жатқызылған.

Денис Проценконың сөзінше, бүгінгі таңда Лещенконың жағдайы тұрақты, қосымша оттегіні қажет етпейді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже