Мадонна 4 жыл үзілістен кейінгі алғашқы клипін шығарды

25 сәуір, 16:23

Танымал американдық әнші Мадонна төрт жылдан кейін алғаш рет Medellin әніне клип шығарды. Бейнебаян кеше, 24 сәуір күні YouTube желісіндегі әншінің ресми арнасында жарияланды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Роликтің сюжеті - соңы үлкен тойға ұласатын әншілердің қарым-қатынасының өрбуі туралы.

Бейнебаян YouTube-те бір тәулік ішінде 2,7 млн қаралым және 187 мың лайк, 23 мың пікір жинады. Бұл ән Madonna Madame 14 студиялық альбомына кіреді деп күтілуде.


Бұған дейін хабарланғандай, Мадонна Тель-Авивте бір миллион доллар қаламақыға Евровиденияда өнер көрсетеді делінген. Мұндай гонорарды оған миллиардер Сильван Адамс төлейді.

Мадонна американдық эстрада жұлдызы, оны "поп-музыканың патшайымы" деп атайды. Өзінің өнер жолында ол 13 студиялық альбом, 5 концерттік альбомдар және 6 жинақ шығарды. Time журналы Мадоннаны XX ғасырдың 25 әйелдерінің тізіміне енгізді, оның поп-мәдениетке қосқан үлесін атап өтті. Ал Rolling Stone журналы оны "Әндердің 100 ұлы авторларының" және "50 ұлы орындаушылардың" тізіміне қосты. Мадонна өзін актриса ретінде де сынап көрген. Ол "Қауіпті ойын" және "Төрт бөлме"сияқты фильмдерге түсті.

Мадонна тамыз айында 61-ге толады. Бір қызы және бір ұлы бар.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже