​Максим Галкин: «Киркоровқа хабарласпаңыздар, оның көңіл-күйі жоқ»

13 наурыз, 15:10

Максим Галкин, Филипп Киркоров және Алла Пугачева үшеуі өзгеше оқиғаға тап болды. Ол оқиғаның әдеттегіден өзгешелігі сондай, Максим Галкин ресми мәлімдеме жасады. Және мұны өзіне тән әдіспен жасады, деп жазады Elitar.kz.

Бәрін басынан бастасақ. Дагестан ІІМ 2017 жылдың шілдесінде Махачкалада Киркоровтың концерті кезінде теракт жасауға дайындалу ісіне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Күдіктілердің бірі бұл теракт емес, Киркоровтың өміріне жасалған шабуыл деп мәлімдеген. Ал оған тапсырыс берген басқа емес... Максим Галкин. Бәріне кінәлі – қызғаныш.

Күдікті азаматтың айтуынша, Галкин Киркоровтың көзін құрту үшін 2 миллион рубль ұсыныпты. Тіпті, ақшаның жартысын төлеп, байланысқа арналған сим-картасы бар телефон беріп жіберіпті.
Теракт дайындау ісіне күдікті кісі куәгер ретінде Галкин мен Киркоровтан жауап алуды, сондай-ақ, «Пугачева Алла Борисқызынан жауап алуда, оларды бетпе-беп жүздестіруді сұраған. ІІМ тергеушісі бұл өтінім «істі тергеуді негізсіз созу мақсатында» берілді, ешқандай негізі жоқ деп тауып, сұранысты қанағаттандырмады.
Киркоровтың директоры Геннадий Рыбак бұл айтылғанның барлығын бос әңгіме деп санайды: «Бұл – бос былшыл. Бұл тұста пікір айтудың да реті жоқ. Ойдан шығарылған нәрсе, екі күннен бері телефонымда тыным жоқ».
Ал Киркоровты өлтіруге тапсырыс берген-міс деп аталған Максим Галкин «Мұның маған қатысы жоқ, ештеңе айта алмаймын», - деді.
Ал содан кейін ресми бейне-түсіндірме жариялады.
Онда ол өзіне тән әдіспен көктемге орай адамдардың қиялы қалықтайтынын, оларды көп тыңдай бермеу керек екенін айтты. Соңында өтініш жасады: «Киркоровтың мазасын алмаңыздаршы. Онсыз да көңіл-күйі жоқ».

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже