Нагиев Алсудың қызының жеңісіне күдік білдірді

29 сәуір, 18:00

«Голос.Дети» жобасының жүргізушісі Дмитрий Нагиев журналистермен болған әңгімеде Алсудың қызы Микелла Абрамованың шоудағы жеңісіне түсініктеме берді. Бұл туралы ФАН-ға сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Жүргізуші егер артық берілген дауыс жария болса, бұл жобаға қатысы бар барлық адамдардың беделіне әсер етеді деп атап өтті.

«Бұған қандай да бір тәсілмен төленген ақша әсер етуі мүмкін, дауыс беру кезеңінде түрлі нөмірлерден бірнеше рет қоңырау шалған адамдар да болуы мүмкін, бұл менің пікірім»,-деді Дмитрий Нагиев.

Бірақ Абрамованың жеңіске жетуіне көптеген атақты адамдардың желіде оқырмандарынан дауыс берулерін өтінуі әсер етуі мүмкін емес дейді шоумен.

«Менің ойымша, медиа тұлғаларды қолдауы 60 пайыз дауыс жинауға көмектесе алмайды»,-деді Нагиев.

Нагиев атап өткендей, байқау нәтижелерін жою осы жобада жұмыс істеген әрбір адамның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Нагиев өзінің беделі үшін өмір бойы күресіп, тек адал жобаларда жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, жүргізуші өз баласын осындай жобаларға қатыстыра алмайтынын айтты.

Микелла Абрамованың жеңісі шоу тарихындағы резонансты жағдай болды. Дауыс беру нәтижелеріне қатысты көптеген эстрада өкілдері өз пікірлерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, "Голос.Дети" жобасында 10 жасар Микелла Абрамова 56,5% көрермен дауысымен жеңіске жетіп, финалистер Ержан Максим мен Валерий Кузовты басып озды. Интернет қолданушылары шоу әділетсіз өтті деп баға берді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже