Майкл Джексонның шұлығы аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ

08 қараша, 10:53

13 қараша күні американдық Gotta Have Rock and Roll аукционында Майкл Джексонның танымал шұлықтары қойылады. Лоттың бастапқы бағасы — 100 мың доллар, бірақ ұйымдастырушылар оларды бір немесе екі миллион долларға сата алады деп есептейді, деп жазады Daily Mail.

Модельер Билл Уиттеннің ақ шұлықтары жылтыр тастармен көмкерілген. Джексон оны 1983 жылдың 25 наурызында Motown Records дыбыс жазу компаниясының 25 жылдығына арналған шоуда танымал Billie Jean туындысын орындаған кезінде киген. Кейіннен музыкант оларды арнайы жазбамен бірге өзінің менеджері Фрэнк Дилеоға берген. Бұл жазба лоттың бір бөлігі болып табыалды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже