Әнші Гаухар Әлімбекова алты жылға сотталды

31 қаңтар, 10:10

Қазақ келіндеріне өсиет айтып, талай бойжеткеннің бағын ашқан әнші Гаухар Әлімбекова сотты болды.

Өнер иесіне алаяқтық бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Elitar.kz. Алматы қаласының Алмалы ауданының соты танымал әнші Гауһар Әлімбекованы алаяқтық бабы үшін алты жылға бас бостандығынан айырды.

Әнші құрбысы Бақыт Назаровамен 15 жылдай уақыт дос болған. Гауһар Әлімбекова экс-құрбысынан «Ақкент» тұрғын үй кешенінен үй алып беремін деп 40 мың доллар алған. Алайда үй әпермеген, ақшаны қайтармаған.

«Баламның көлігін саттым. Зергерлік бұйымдарды өткіздім. Бірнеше несие алдым. Қателігін мойындап, тәубесіне келетін шығар деп күттім. Бірақ ол кінәсін мойындамады», — деді жәбірленуші.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша жауапқа тартылған әншінің жазасы толық дәлелденген. Бұл туралы сотта прокурор мәлім етті. Және ол өнер жұлдызын егіз жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесуді сұрады. Алайда сот Гаухар Әлімбековаға алты жыл мерзім беріп, орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеу туралы үкім шығарды және бұл үкім 30 қаңтар күні өз күшіне енді. Алайда әнші өзіне тағылған айыппен келіспейді.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже