Әнші Сәкен Майғазиев қызметке тағайындалды

05 желтоқсан, 08:10

«Мұзарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев қызметке тағайындалды. Енді ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының проректоры. Яғни, өнер академиясының шығармашылық жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі жұмыстарға жауапты.

Бұл туралы аталған оқу ордасының ректоры Асқат Маемиров өзінің INSTAGRAM парақшасында жазып, өнер иесінің еңбекққорлығына сенім артты.

«Еліміздің мәдени кеңістігінде өз орны, өз жолы бар тұлға, кәсіби өнер шебері ретінде Сәкен Қордабайұлы жаңа қызметте абырой биігінен көрініп, ғылыми-шығармашылық салада сан асуларды бағындыратынына сенемін! Біздің мемлекетімізде қарапайым азаматтарға талант, кәсібилік, шеберлік, еңбекқорлық, тынбай ізденістің арқасында биік белестерді бағындыруға болатынына Сәкен Майғазиевтің өмірі мен өнер жолы - жарқын үлгі. Үлкен отбасының тоғызыншы перзенті өнер әлеміндегі барлық асуларды өзінің мақсатшылдығы мен еңбекқорлығы арқылы бағындырды...» деп жазды ол.

ФОТО: newmuz.kz

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже