"Тақтар ойынындағы" Starbucks стаканы кадрдан өшірілді

08 мамыр, 12:00

Теледидар шоуының ең ірі өндірушілерінің бірі болып табылатын солтүстікамерикалық телевизиялық HBO желісі төртінші "Тақтар ойыны" сериясын жаңартып, одан киноляпты алып тастады.

Осылайша, кездейсоқ кадрға түсіп қалған кофе құйылған қағаз стақан HBO Go-дан және басқа да сервистерде орналасқан эпизодтан өшірілді.

Айта кетейік, "Тақтар ойынының" финалдық маусымының төртінші сериасынан көрермендер Starbucks сусыны құйылған стаканды байқап қалған.

Стакан сериалдың 15-минутында пайда болады.

Кинодағы бұл қателік көрермендердің көңілін көтерді. Себебі кино желісіне заманауи қағаз стаканның түк қатысы жоқ.

Кофехананың өкілдері болса, твиттерде Дейенерис Таргариеннің «айдаһар сусынына» тапсырыс бермегеніне таң қалғандықтарын әзіл арқылы білдіріп, жазба қалдырды.


Себебі Starbucks мәзірінде расында да сондай сусын бар. Ал картина қахарманы Дейенерис өзін айдағардың қанынан жаралғанмын деп санайды. Өз кезегінде HBO желісі стакан кадрға кездейсоқ кіріп қалғандығын мәлімдеді.


Дереккөз: life.ru


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже