​Ерке Есмахан шымкенттік балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көрсетті

15 қараша, 13:38

Танымал әнші Ерке Есмахан Шымкенттегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін киноға шақырып, олардың көңілін аулауға титтей болса да үлесін қосты. Кино «Махаббат кафесі» деп аталады.

Естеріңізге салайық, бұл әншінің алғашқы продюсерлік жұмысы. Ерке таяуда ғана премьерасы болған өзінің кино жанрындағы алғашқы туындысын ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін көрсетіп, оларды қуантуды жөн санапты. Балалар үйінің тәрбиеленушілері кинотеатрға шақырған танымал әнші Ерке Есмаханға өз алғыстарын жаудырды. Комедиялық жанрда түсірілген фильм балалардың көңіл-күйін көтерді.

Әншінің шығармашылығына ғашық балалар тек киносына ғана емес, жеке концертіне де қатысуды қалайтындарын жасырмады. Танымал әнші балалар үйінің тәрбиеленушілерінің бұл тілегін орындай ма, жоқ па оны уақыт еншісіне қалдырдық.

ФОТО: ашық дереккөзден

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже