Ержан Максим балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін билет таратты

03 маусым, 15:00

«Голос. Дети» байқауының жеңімпазы Ержан Максим елордадалық балалар үйлерінің жеткіншектерін өз концертін тегін тамашалауға шақырды.

«Мен сіздерді өз концертіме шақыру үшін арнайы келдім. Сыйлыққа балмұздақ әкелдім. Баршаңызды алғашқы концертіме шақырамын», - деді әнші.

Ержан балаларға «Голос. Дети» байқауы туралы, В. Меладземен қалай жұмыс істегенін, бос уақытында немен айналысатынын әңгімелеп берді. Балалар әншіге өз сұрақтарын қойып, естелікке фотосуретке түсті.

Айта кетейік, Ержан Максим елордада өзінің алғашқы жеке концертін береді. Концерт 28 маусым күні «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже