Ержан Максим Галкинді өзінің жеке концертіне шақырды

10 маусым, 12:00

Қазақстандық әнші Ержан Максим белгілі ресейлік тележүргізуші Максим Галкинді Қазақстанның елордасында өтетін өзінің алғашқы жеке концертіне шақырды. Бұл туралы әншінің инстаграм парақшасы арқылы белгілі болды.

"Максим Галкинді Нұр-Сұлтандағы жеке концертіме шақырдым. Сізге рахмет, күтемін", - деп жазды жас әнші.

Ресейлік шоумен және тележүргізуші өз кезегінде Ержанның шақыру видеосын өз парақшасында бөлісті.

Айта кетейік, Максим Галкин “Голос.Дети” байқауында танымал тұлғалардың арасында Ержанға алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже