Ержан Максим - "Голос.Дети" сайысының жеңімпазы

25 мамыр, 09:00

Ресейдің Бірінші арнасы «Голос. Дети» сайысының арнайы шығарылымын тікелей эфирде көрсетті. Жерлесіміз Ержан Максим әлемді аузына қаратқан Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы "Адажио" әнімен жеңіске жетті.

Арнайы шығарылымға Микелла Абрамовадан басқа финалистердің барлығы қатысты. Шоуды қорытындылыған Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы ретінде бірінші болып Ержан Максимді атады. Қатысушылардың барлығына демеуші тарапынан 1 млн рубльдің сертификаты табыс етілді.

Айта кетейік, бұған дейін сайыс қорытындысы жоққа шығарылған болатын.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже