"Евровидение-2019" байқауы аяқталды

20 мамыр, 10:00

Жеңімпазды қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беруі арқылы анықтады. Дауыс беру қорытындысы бойынша бірінші орынды Нидерланды өкілі Дункан Лоуренс иеленді. Орындаушы 492 ұпаймен жеңіске жетті. Әртіс Arcade әнін орындады.

Екінші орынға Soldi әнімен италиялық Mahmood жайғасты (465 ұпай).

Үшінші орында ресейлік әнші Сергей Лазарев Scream әнімен (369 ұпай).

Айта кетейік, 18 мамырда Тель-Авивте "Евровидение-2019" финалы өтті. Сахнаға 26 елден келген орындаушы шығып, өз өнерлерін көрсетті.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже