Ғалия Тыныбаева Еуропа кубогінде жеңіске жетті

24 маусым, 10:00

Венгрияның Пакс қаласында дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогі аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан үш медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

48 келіде белдесетін балуан қыздар өз шеберліктерін тағы бір дәлелдеді. Бұл салмақтағы финалда екі қазақ қызы белдесті. Ғалия Тыныбаева мен Ақмарал Науатбек арасындағы белдесу «алтын ұпайға» дейін жалғасып, Тыныбаева жеңіске жетті.

Ал қола медальді 66 келідегі Нұрзат Сәлімбаев иеленген. Осылайша, Пакстағы турнирден Қазақстан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен оралмақ.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже