Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына 10 лицензия жеңіп алды

15 тамыз, 15:00

Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің сөзіне құлақ ассақ, қазірдің өзінде қазақстандық спортшылардың қоржынында спорттың 6 түрі бойынша 10 лицензия бар.

«Лицензия алғандардың қатарында Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Георгий Шейко, стендті ату спортының командасы бар», - деді Сәпиев.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы Токиода өтетін 32-ші Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты.

«Жапония астанасы – Токиода өтетін 32-ші жазғы Олимпиада ойындарына бір жылдан аз уақыт қалды. Олимпиадаға дайындық белсенді түрде жүріп жатыр. Осы жыл көлемінде Ұлттық құрамалар 28 лицензиялық Әлем чемпионатына, 19 Азия чемпионатына және бірнеше әлемдік іріктеу турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Оларда Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу квоталары беріледі. 2020 жылы 3 әлем чемпионатына, 19 Азия, 18 әлемдік іріктеу турниріне қатысу көзделіп отыр. Олимпиада басталғанға дейін қазақстандық спортшылар лицензиялық және рейтингтік ұпайларды жеңіп алу үшін елуден астам әлем кубоктарында бақ сынайды, нәтижелері бойынша Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже