Маңғыстау әкімі чемпион Бекзат Нұрдәулетовке пәтер сыйлады

25 қыркүйек, 14:00

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бокстан әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетовты, сондай-ақ оның жаттықтырушысын қабылдады.

Кездесу барысында аймақ басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын оқып беріп, Бекзат Нұрдәулетовке Ақтауда екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Ол сондай-ақ жаттықтырушылардың зор үлесін де атап өтіп, әлем чемпионын бала күнінен бастап жаттықтырған Батырбек Жайлыбаевқа үш миллион теңге көлемінде сертификат табыс етті.

Бекзат Нұрдәулетовтің қазіргі бапкері Марат Жакиевке 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Айта кетейік, Марат Жакиев әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов пен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов сынды танымал спортшыларды жаттықтырған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже