Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды

17 маусым, 10:00

16 маусым күні Қытайдың Синтай қаласында шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық Динара Сәдуақасова турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Швейцариялық жүйе бойынша 9 раундтан тұратын турнирде Динара әлемнің 15 елінен келген 36 спортшыдан озып кетті. Жалпы есепте ол мүмкін болған 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинады.

Азия чемпионатына Қазақстан атынан үш шахматшы қатысты. Олар – Ринат Жұмабаев, Динара Сәдуақасова және Гүлмира Дәулетова.

Азия біріншілігінің жүлде қоры 80 мың АҚШ долларын құрады.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже