Галбадрах Отгонцэцэг Загребтегі Гран-приде чемпион атанды

29 шілде, 12:30

Дзюдодан Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

48 келіде белдескен Қазақстан командасының мүшесі финалға дейін сүрінбей, ақтық айқаста франциялық Милана Клементті ұтты. Финалға дейін Галбадрах Австрия және Қытай спортшыларынан басым түскен болатын.

Сондай-ақ, бүгін 60 келіде белдескен Дәурен Сүйеукенов жұбаныш кездесуінде жеңілсе, Ғұмар Қырғызбаев екінші айналымда қарсыласқа есе жіберді.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже