Головкин-Деревянченко жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

22 тамыз, 10:00

Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченконың жекпе-жегі 5 қазанда Madison Square Garden аренасында өтеді, - деп хабарлайды Elitar.kz.

«Big Drama Show қайта оралды! Головкин-Деревянченко», - деп жазады DAZN.

ездесу 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек DAZN платформасынан таратылады. Қарсыластар бос тұрған IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатын болады.

Айта кетейік, Головкин наурыз айында DAZN-мен алты айқасты қамтитын келісімшарт жасасқан еді. Қазақстандық боксшы оларды үш жылдың көлемінде өткізуі тиіс. GGG-дің серіктестік үшін гонорары 100 млн доллардан астам сомаға бағаланады. Еске салайық, Геннадий алғашқы жекпе-жегін 8 маусымда өткізіп, төртінші раундта канадалық Стив Роллсты нокаутқа түсірді.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже