Головкин Роллсты нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті

09 маусым, 11:41

9 маусымда өткен Головкин-Роллс жекпе-жегі төртінші раундта аяқталды.

Орта салмақтағы үш беделді нұсқа бойынша бокстан бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен жекпе-жек өткізді. Бұл 2018 жылдың қыркүйек айында спортшы Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) және бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулдарынан айрылғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі.

Головкин Роллс жекпе-жегі төртінші раундында қарсыласын нокаутқа жіберген Геннадий Головкиннің жеңісімен аяқталды.

37 жастағы қазақ боксшысының қызметтік тізімінде 39 жеңіс (35 нокаутпен), 1 жеңіліс, 1 тең ойын. 35 жастағы Роллс болса, 19 жеңіс (10 нокаут) өткізіп, алғашқы жеңіліске ұшырады.

Ресми емес мәліметтер бойынша, жеңісі үшін қазақстандық кемінде 10 миллион доллар алады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже