Ресей-Қазақстан: Еуро-2020 іріктеу матчының трансляциясын қайдан көруге болады?

09 қыркүйек, 12:16

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің матчында Қазақстан құрамасы сырт алаңда, яғни, Калининградта Ресей командасымен ойнайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл жекпе-жек дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:45-те басталады. Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей көрсетілім жасайды.

Кездесу 35 212 көрермен сыятын "Калининград" стадионында өтеді. Ойынға Николай Дабанович бастаған Черногорияның төрешілер бригадасы төрешілік етпек.
Айта кетейік, қазіргі таңда I-топта 15 ұпаймен Бельгия көш бастап тұр, Ресейде үш ұпай кем болса, Қазақстан қорыжынында жеті ұпай.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже