Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты: үш спортшымыз финалға жолдама алды

20 маусым, 10:00

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының алғашұы жарыс күні аяқталды. Бірінші күн қорытындысы бойынша үш қазақстандық спортшы финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Милад Карими еркін жаттығудан ақтық кезеңге жолдама алды. Ол қытайлық спортшымен бірдей ұпай жинап, екінші және үшінші орынды өзара бөлісіп тұр.

Аким Мусаев гимнастикалық ат снарядында екінші орыннан көрініп, финалға өтті. Сондай-ақ, осы бағдарламада сынға түскен Нариман Курбанов төртінші сатыға тұрақтап, ақтық сында өнер көрсету құқығын алды.

20 маусым күні қол тіреп секіру, қоссырық пен гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеу кезеңі өтеді.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже