Тоқаев: "Әли, сенің күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді!"

15 тамыз, 16:00

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында УЕФА Суперкубогын табыстаған Әли Тұрғынбековке өз тілегін жолдады, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен матчтың жеңімпазын марапаттау салтанатына қатысты. Әли, сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын!», деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Әли Тұрғанбеков ағылшынның Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстау мәртебесіне ие болған болатын.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже