Моңғолияда анасы мен қызы бодибилдинг жұлдызына айналды

29 қаңтар, 10:59

"Mongolian Mister & Miss-2020" жарысына 62 ұйымның атынан 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды ca-news.

Бодибилдинг жұлдызы Г. Угалзцэцэг 24-25 қаңтарда Монғол бодибилдинг және фитнес федерациясының 30-жылдығына арналған жарыстарда төртінші рет чемпион атанды. Ол сондай-ақ Азияның үш дүркін чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы.

Оның қызы М. Мойлоо да анасының жолын қуып келеді. Ол бикини модельдер байқауында күміс медаль және "Mongolian Mister & Miss-2020"конкурсында әйелдер спорт түрлерінің модельдері санатында төртінші орынды жеңіп алды.
М. Мойлоо Моңғол ұлттық медицина ғылым университетін бітірген. Төрт жылдан бері бодибилдингпен айналысады. 2019 жылы бодибилдинг пен фитнес бойынша Моңғол ұлттық чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже