БАӘ-де қатысушылар арасында коронавирус анықталған соң веложарыс тоқтатылды

28 ақпан, 14:15

"БАӘ тур" веложарысының ұйымдастырушылар ресми түрде доданың екі кезеңін тоқтатты.

Италияндық екі велошабандоздан коронавирус анықталуына байланысты жарыс тоқтатылды. Алайда індетті жұқтырған қатысушылар есімі мен олардың командасының аты жария етілмеді. Айта кетейік, аталған веложарыста "Астана" командасы да қатысушылар қатарында. Спортшылардың бірі Алексей Луценко жеңіске жақын қалған болатын.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже