Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

26 тамыз, 09:00

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

60 келіде сынға түскен екі қазақстандық спортшы қола жүлдеге таласқан болатын. Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев арасындағы тартысты кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды. Ал қосымша уақытта Сметов "иппон" әдісімен жеңіске жетті. Осылайша, Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда өзбек спортшысына есе жіберсе, Елдос Сметов ширек финалда жапон балуанынан ұтылды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже