Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімі жарияланды

20 тамыз, 16:30

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімін ресми түрде жариялады. Команданы толық жасақтау үшін бірнеше салмақтағы балуандар арасында қосымша белдесулер өткізілді деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып elitar.kz.

Нақтылап айтар болсақ, бапкерлер кеңесі 65, 86, 92 және 125 келідегі үздік балуанды анықтау үшін қосымша белдесулер ұйымдастырды. 65 келіде Дәулет Ниязбеков пен Саятбек Оқасов күресіп, тәжірибелі Дәулет жеңіске жетті.

Ол осы салмақта әлем чемпионатына қатысу құқығын жеңіп алды. Сондай-ақ, 86 келідегі Әділет Дәулембаев пен Азамат Дәулетбеков арасындағы белдесудің жеңімпазы болып Әділет танылды. 92 келідегі Ералы Әбдірашев пен Нұрғали Нұрғайыпұлының арасындағы кездесу соңғысының жеңісімен аяқталды. 125 келіде Олег Болтин Юсуф Батырмұрзаевтан басым түсті. Осылайша, әлем чемпионатына қатысатын балуандар қатарына қосылды.

Еркін күрестен лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:

57 келі: Нұрислам Санаев

61 келі: Расул Қалиев

65 келі: Дәулет Ниязбеков

70 келі: Нұрғожа Қайпанов

74 келі:Данияр Қайсанов

79 келі: Ғалымжан Өсербаев

86 келі: Әділет Дәулембаев

92 келі: Нұрғали Нұрғайыпұлы

97 келі: Әлішер Ерғали

125 келі: Олег Болтин

«Бұл күндері Алматыдағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Бізбен бірге Қырғызстан құрамасы мен Қытайлық Тайпей елінен үш балуан дайындалуда. 24 тамызға дейін АІВА-да жаттығып, дайындықтың соңғы кезеңін Нұр-Сұлтанда өткіземіз. 1 қыркүйектен бастап шешуші жаттығы жиыны жоспарланған», - дейді бас бапкер.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже