Жансая Әбдімәлік халықаралық Vienna Open турнирінде 1 орын алды

26 тамыз, 13:00

Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан халықаралық Vienna Open турнирінде әйелдер арасында 1-орын алып, арнайы сыйлыққа ие болды.

«Кеше халықаралық Vienna Open турнирі аяқталды. «А» турнирінде 398 шахматшы қатысты. Әйелдер арасында 1-орын иелендім, ал ерлер арасында 2-11-ді бөлістім. Сондай-ақ әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткенім үшін аты аңызға айналған Нана Александриядан арнайы сыйлық алдым. Қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме алғыс айтамын!», – деп жазды Жансая.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже