80 млн $ - газ-химия кешені үшін алынған пара

21 маусым, 14:55

21 маусымда, Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Сенаттың 20-шы пленарлық отырысы барысында мұнай-газ саласының сыбайластығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Kun.uz.

"20 жыл ішінде мұнай-газ саласындағы барлық жобалардың 50% -на пара араласты. Үстірт газ-химия кешені үшін бір шенеунік 80 млн АҚШ долларын алды. Халық туралы кім ойлайды?!",- деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шавкат Мирзиеев осы отырыста бұрынғы Бас прокурор Отабек Мурадовты парақорлыққа айыптап, оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған болатын. Жаңа Бас прокурор Нығматулин Юлдашевке "прокуратура органдарының сыбайлас жемқорлық жүйесін" бұзу міндеті қойылды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже