Қадыровтың ұлы түрік сериалына түсті

31 мамыр, 14:00

Шешенстан Президенті Рамзан Қадыровтың үшінші ұлы Адам "Қайта тірілу: Ертұғрыл" түрік сериалына түсті, деп хабарлайды Лента.ru-ға сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Адам ойнаған картинаның үзінділерін баланың ағасы Тұрпал-Әли Ибрагимов Instagram-аккаунтында жариялады.

"Адам жан-жақты, мектепте жақсы оқиды, спортпен белсенді айналысады, әр түрлі марапаттарға ие болады", — деп жазды Ибрагимов парақшасында.

Бұған дейін Рамзан Қадыров отбасымен осы сериалды көретіндерін айтқан болатын. Сонымен қатар, Түркияда болған кезінде Шешенстан басшысы түсіру алаңында болып, басты рөлдерді орындаушылар мен режиссерді Грозныйға шақырған.

"Қайта тірілу: Ертұғрыл" түрік сериалында Осман империасының негізін салған Осман 1-дің әкесі Ертұғрыл-бей туралы баяндалады.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже